2028 жылғы Еуропа чемпионатының кестесі жарияланды
Футбол
Getty Images
УЕФА ресми сайтында 2028 жылы Ұлыбритания мен Ирландияда өтетін Еуропа чемпионатының кестесін жариялады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Турнир 2028 жылдың 9 маусымында басталып, жарыс Кардиффтегі Уэльс Ұлттық стадионында "А" тобы матчымен шымылдығын ашады. Еуропа біріншілігін қабылдайтын тоғыз стадионның сегізі, яғни "Уэмблиден" өзге ареналардың бәрінде 1/8 финал матчтары өтеді. Ал ширек финалдар "Дублин Аренада" (Ирландия), "Хэмпден Паркте" (Шотландия), Кардиффтегі Кэльс Ұлттық стадионы мен Лондондағы "Уэмблиде" өтеді.
Жарыстың қорытынды аптасындағы ойындарды Лондондағы "Уэмбли" қабылдайды. Жартылай финалдар 4-5 шілдеде, ал финал 9 шілде өтеді деп жоспарланған.