Қазақ хоккейшісінің қос шайбасы канадалық командаға жеңіс сыйлады
Хоккей
Jason Kerr/Daily Herald
Қазақстан жасөспірімдер құрамасының шабуылшысы Әлішер Сәркенов биыл Канаданың Батыс хоккей лигасында “Принс-Альберт Рейдерз” командасы сапында өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Тұрақты чемпионаттың кезекті матчында Әлішер Сәркеновтің командасы “Портленд Уинтерхокс” ұжымын жеңді - 4:2.
Бұл ойында қазақ хоккейшісі алдымен есепті теңестіріп, одан соң бос қақпаға тағы біо шайба соқты.
Жалпы, 17 жастағы шабуылшы биылғы маусымның 13 матчында 14 (6+8) ұпай еншілеген.