Месси мансабын еуропалық клубта жалғастыруы мүмкін
Футбол
Getty Images
Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси ыстамбұлдық “Галатасарай” сапын толықтыруы мүмкін, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі Fotomac басылымына сілтеме жасап.
Ыстамбұлдық ұжым “Интер Майами” намысын қорғайтын Лионель Мессиді жалға алуы мүмкін. Басылымның бас редакторы Зеки Узундуруканның жазуынша, аргентиналық шабуылшы MLS 2026 жылғы әлем чемпионатына дайындыққа байланысты үзіліс алатындықтан, “Галатасарай” сапында төрт ай өнер көрсетуі мүмкін.
Дереккөздің хабарлауынша, агенттер Мессиді “Галатасарайға” өздері ұсынған.