Тарихи жеңіс: садақ атудан Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атанды

Тарихи жеңіс: садақ атудан Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атанды
Басқа

Блоктық садақ атудан Қазақстан құрамасы алғаш рет Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Қазақстан құрамасы Бангладештің Дакка қаласында өтіп жатқан садақ атудан Азия чемпионатында тарихи жеңіске қол жеткізіп, алғаш рет блоктық садақ атудан алтын медаль жеңіп алды.

Финалда отандық садақшылар Үндістан құрамасынан 240:228 есебімен басым түсті. Ұлттық құрама сапында Ділмұхамед Мұса, Бунед Мирзаметов және Андрей Тютюн өнер көрсетті. Шешуші кезеңге дейін отандастарымыз 1/8 финалда Ирак құрамасын (234:225), ширек финалда Иран құрамасын (233:231), ал жартылай финалда Корея құрамасын (236:235) жеңді.

Айта кетейік, садақ атудан Азия чемпионаты 14 қарашада мәресіне жетеді. Жарысқа құрлықтың 29 елінен 207 спортшы қатысып жатыр.