Софья Сподаренко Ислам ойындары шыңын бағындырды

Софья Сподаренко Ислам ойындары шыңын бағындырды
Жүзу

Нұрғали Жұмағазы

Жүзуден Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Софья Сподаренко Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының шыңын бағындырды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

 Қазақстандық суда жүзуші 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде үздік шықты. Ол қашықтықты 1:01.66 уақытта жүзіп өтті. 

Бұған дейін Софья Сподаренко Ислам ойындарының 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзу сынында да топ жарған еді.