Қазақ футболшылары Еуропа біріншілігіне іріктеудегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Футбол
Қазақстан футбол федерациясы
Футболдан 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңін сәтті бастады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Ирландия құрамасына қарсы ойнаған жерлестеріміз 0:1 есебімен жеңіске жетті. Гол авторы - Азамат Тұяқбаев.
Футболшыларымыздың іріктеу аясындағы келесі қарсыласы - Нидерландтың U19 құрамасы.