Жүзу: Қазақстан құрамасы Ислам ойындарында екінші орын алды
Жүзу
Нұрғали Жұмағазы
Қазақстан ерлер құрамасы жүзуден Эр-Риядта өтіп жатқан Ислам ойындарында күміс медальға ие болды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Спортшылар 4×100 метрге еркін стильде жүзу эстафетасында екінші орынға жайғасты.
Әділбек Мусин, Ғалымжан Балабек, Айбат Мырзамұратов, Глеб Коваленя және Даниил Черепанов жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.
Алтын медаль Түркия құрамасына бұйырды, ал Өзбекстан үздік үштікті түйіндеді.