Криштиану Роналду мансабына қатысты мәлімдеме жасады
Футбол
Reuters
Футболдан Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду 2026 жылы Америка, Канада мен Мексикада өтетін әлем чемпионаты мансабындағы соңғы әлем Кубогы болуы мүмкін екендігін айтты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
"Келесі әлем чемпионаты мансабымдағы соңғы жаһан біріншілігі бола ма? Әрине, бұл шындық, себебі жасым 41-ге келеді. Білмеймін... Бұған дейін де бірнеше рет айттым, мен дәл қазіргі сәттен ләззат аламын", - деп жазды Mundo Deportivo.
Криштиану Роналду 2003 жылдан бері Португалия құрамасында өнер көрсетіп келеді. Ол ұлттық құрама сапында жалпы 225 матч өткізіп, 143 гол және 46 нәтижелі паспен көзге түскен.
2016 жылы Роналду Еуропа чемпионы атанса, 2015 және 2019 жылдары УЕВА Ұлттар Лигасында жеңіске жетті.