Қазақстан Еуропа чемпионатына іріктеуді жеңіспен бастады
Футбол
Қазақстан футбол федерациясы
Футболдан 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңін жеңіспен бастады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Спортшыларымыздың іріктеу турнирі аясындағы алғашқы қарсыласы Хорватия құрамасы болды. Ойында алғаш болып қазақстандық футболшылар есеп ашты, гол авторы - Ислам Рақым. Одан кейін Хорватия таразы басын теңестіргенімен, Расул Әкімов тағы да командамызды есепте алға шығарды.
Осылайша, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа біріншілігіне іріктеу жарысы аясындағы бірінші кездесуінде 2:1 есебімен жеңіске жетті.