Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатында қола медаль иегері атанды

Басқа
Olympic.kz
Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы су добынан қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Үшінші орын үшін өткен матчта қазақстандықтар Таиланд құрамасымен кездесті. Негізгі ойын уақыты 6:6 есебімен тең аяқталды.
Ойын пенальти сериясына ұласып, онда қазақстандық арулар 3:2 есебімен басым түсті. Ал жалпы қорытынды бойынша 9:8 есебімен қарсыластан озды. Осылайша, бұрымды спортшыларымыз Азия чемпионатының үздік үштігіне енді.
Айта кетейік, ерлер құрамасы да 11 қазанда қола медаль үшін Жапониямен кездеседі.