Қазақстан ТМД елдері ойындарында 82 медаль жеңіп алды

Басқа
Спортты дамыту дирекциясы
Әзірбайжанда өткен III ТМД елдері ойындарында Қазақстан құрамасы 10 алтын, 24 күміс және 48 қола — барлығы 82 медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте 5-орынға тұрақтады.
Еліміздің спортшылары 18 спорт түрі бойынша сынға түсіп, жеті қалада өткен кешенді жарыста жоғары нәтижелер көрсетті.
Негізгі жетістіктер:
Каратэ (WKF) – 3 алтын
Таеквондо WT – 2 алтын
Бокс – 2 алтын
Нысана көздеу – 1 алтын
Садақ ату – 1 алтын
Күрес түрлері – 1 алтын
Қалған спорт түрлерінде қазақстандықтар жалпы 24 күміс пен 48 қола медаль еншіледі.
Айта кетейік, бұл көрсеткіш өткен жылғы нәтиже — 7 алтын, 14 күміс, 32 қоладан жоғары.
Жарысқа Қазақстаннан 132 спортшы қатысып, 13 елден келген 1600-ден астам қарсыласпен бақ сынады.