Тұрсын Алагөзов «Қайрат» футбол клубына мәрттік танытып, көлік сыйлады

Тұрсын Алагөзов «Қайрат» футбол клубына мәрттік танытып, көлік сыйлады
Футбол

Ашық дереккөзінен

Белгілі кәсіпкер әрі меценат Тұрсын Алагөзов алматылық «Қайрат» футбол клубына екі заманауи автобус тарту етті, деп хабарлайды Bassport.kz. 

Айта кетейік, бұған дейін Тұрсын Алагөзов Алматы күніне орай спорт жанкүйерлерін ерекше үндеуімен таңғалдырған еді. Ол әлеуметтік желіде «Қайрат» пен әлемнің ең атақты клубтарының бірі – «Реал Мадрид» арасынды алға тартып, егер қазақстандық команда жеңіске жетсе, әрбір ойыншыға автокөлік сыйлайтынын айтқан болатын.

Бірақ, бұл кездесу қазақстандық жанкүйерлерге естен кетпес естелік, ал ойыншыларға мол тәжірибе ғана сыйлады. Алматылық клуб 0:5 есеппен карольдік клубқа есе жіберген еді.

Десе де, Тұрсын Алагөзов жігіттердің жігеріне жігер қосып, мәрттік танытты. Бүгін белгілі кәсіпкер “Қайрат” клубының таланттары мен қызметкерлеріне қос бірдей автобус сыйлады. Бұл көлік жігіттердің жарыс жолына жылдам әрі ыңғайлы қатынауын қамтамасыз етеді.