Қазақстандық ватерполистер Азия чемпионатының ширек финалына топ бастап шықты

Қазақстандық ватерполистер Азия чемпионатының ширек финалына топ бастап шықты
Басқа

ҰОК

Қазақстанның ерлер құрамасы су добынан Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында топтық кезеңді сәтті аяқтап, ширек финалға бірінші орынмен жолдама алды.

Біздің спортшылар төрт ойын өткізіп, барлығында да айқын басымдықпен жеңіске жетті. Әсіресе соңғы, төртінші кездесуде Қазақстан құрамасы Таиланд командасын 22:4 есебімен ойсырата ұтты.

Осы нәтижеден кейін қазақстандық ватерполистер В тобының көшбасшысы атанып, жарыстың 1/4 финалында Өзбекстан құрамасымен кездеседі.