Түркістан облысында спорттың басым бағыттары бекітілді

Түркістан облысында спорт саласын жүйелі дамыту мақсатында өңір үшін басым саналатын спорт түрлерінің тізімі бекітілді.
Облыс бойынша 24 спорт түрі өңірлік басым бағыттар қатарына енгізілді. Бұл тізім республика көлемінде бекітілген жоғары жетістіктер спортының 65 түрінің құрамына кіреді, оның ішінде 46 спорт түрі елімізде басым бағыт ретінде белгіленген.
Өңір үшін маңызды жазғы спорт түрлері ретінде ауыр атлетика, бокс, дзюдо, есу, жеңіл атлетика, күрес түрлері, таеквондо, теннис, үстел теннисі және футбол белгіленді. Сонымен қатар каратэ, самбо, шахмат, ұлттық спорт түрлерінен аударыспақ, көкпар, тоғызқұмалақ және басқа да спорттар енгізілді.
Қазіргі таңда 882 спортшы дайындық жүргізіп, олардың 161-і жоғары жетістіктер спортына ауысқан.
Мамандардың айтуынша, облыста бұқаралық және кәсіби спорт бағыттарын дамыту жұмыстары жалғасады.