«Барыс» сенсация жасады: жаңа маусымдағы басты қаһармандар анықталды

ХКБ
Астананың «Барысы» жаңа маусымды КХЛ-де сәтті бастады. Команда жаңа бас бапкер Михаил Кравецтің қол астында төрт ойынның үшеуінде жеңіске жетіп, Шығыс конференциясының үздіктер қатарына енді.
Майк Веккионе – жаңа көшбасшы. Американдық шабуылшы жазда «Трактордан» «Барысқа» ауысып, күтпеген жерден негізгі ойыншыға айналды. Алғашқы матчтарда-ақ 7 (3+4) ұпай жинап, КХЛ бомбардирлері тізімінде үздіктер қатарына кірді.
Командада тәжірибелі ойыншылар да қайта жанданды. Эмиль Галимов соңғы жылдары жарақаттардан көз ашпаса да, жаңа маусымда тұрақты түрде ұпай алып жүр. Командаға легионерлердің қосылуы және шеберліктерінің арқасында «Барыс» ең мықты ойын үлгісін көрсетіп жүр: артық құрамдағы голдар пайызы 24% құрап, былтырғы 10%-дан әлдеқайда артқан.
Өткен маусымда «Барыс» КХЛ тарихындағы ең сәтсіз кезеңін өткізді – бар болғаны 11 жеңіс және қатарынан 12 жеңіліс. Осыдан кейін клубта үлкен өзгерістер болды: басқару ауысып, легионерлер қайта оралды. Қаржыландыру енді мемлекеттік емес, демеушілік пен коммерциялық жолмен шешілуде. Кравец ойыншыларға сенім беріп қана қоймай, ұжымда жақсы атмосфера қалыптастырды. Қазақстандық ойыншылар да көзге түсе бастады – Ансар Шахмедденов пен Кирилл Савицкий маусым басында-ақ маңызды голдар соқты.
Айта кетелік, алдағы аптада «Барысты» маусымдағы алғашқы маңызды кездесулер күтіп тұр. Команда сырт алаңдағы «Металлург» пен минскілік «Динамоға» қарсы ойнайды.