Сарапшы: «Металлург» мықты клуб, бірақ „Барыстың“ мүмкіндігі көп

Хоккей
prosports.kz
Қазақстанның шайбалы хоккейден бұрынғы мемлекеттік бапкері Сергей Шавернев ҚХЛ-дың тұрақты чемпионаты аясында өтетін «Металлург» (Магнитогорск) пен астаналық «Барыс» арасындағы ойынды бағалады, деп жазады Bassport.kz.
— «Барыстың» өз артықшылығы бар. Қазір «Металлург» өзін сенімді сезініп отыр, ал бұл жағдайда қонақтар ойын басында қысым жасап, өз мүмкіндігін пайдалана алады. Соңғы төрт кездесуде жергілікті ойыншылар легионерлерге сенімді тірек болды. Тәртіп пен ротация да жақсы деңгейде. Сондықтан жеңіске жету «Барыстың» қолынан келеді, — деді Шавернев.
Айта кетейік, кездесу бүгін Магнитогорскіде өтеді. Басталу уақыты — 19:00-де.