Ресей комментаторы: «Өзбекстан Каннавароны не үшін тағайындағанын түсінбеймін»

Ресей комментаторы: «Өзбекстан Каннавароны не үшін тағайындағанын түсінбеймін»
Футбол

Курсив

Белгілі футбол комментаторы Константин Генич Өзбекстан құрамасының бас бапкері қызметіне әйгілі италиялық маман Фабио Каннавароның келуіне күмәнмен қарады, деп хабарлайды Bassport.kz Sportarena.kz сілтеме жасап.

Каннавароның жетекшілігімен Өзбекстан тарихында алғаш рет 2026 жылғы әлем чемпионатына қатыспақ.

«Мен, шынын айтсам, Өзбекстан не үшін бапкерін ауыстырғанын түсінбеймін. Әлем чемпионатының алдында неге дәл Фабио Каннавароны қою керек? “Алтын доп” иегері болғаны үшін бе? Каннавароның аса үлкен жаттықтырушылық жетістіктері жоқ қой», — деді Генич өзінің «Лови Генича» бағдарламасында.

52 жастағы Каннавароның соңғы жұмыс орны — Хорватияның «Динамо Загреб» клубы. Бұған дейін ол Сауд Арабиясының «Аль-Наср» командасын, Қытайдың бірнеше клубын, Қытай құрамасын, сондай-ақ «Беневенто» мен «Удинезені» жаттықтырған.

Аталған тағайындау Азия футболындағы ең көп талқыланған жаңалықтардың бірі болды. Себебі Өзбекстан алғаш рет әлем чемпионатына жолдама алып, ел үміті мен жауапкершілік жүгі бұрынғыдан да жоғары болмақ.