Әлем чемпионатына қатысатын құрам белгілі болды

Әлем чемпионатына қатысатын құрам белгілі болды
Басқа

Olympic.kz

24–30 қазан аралығында Қытайдың Уси қаласында таеквондодан (WT) әлем чемпионаты өтеді. 

Биылғы дүбірлі додада 179 елден 991 спортшы бақ сынайды. Қазақстан құрамасы бұл жарысқа 18 спортшымен қатысады. Олар өз салмақ дәрежелері бойынша ел намысын қорғайды. 

Ерлер құрамасы:

– 54 кг: Бекзод Қадырқұлов


– 58 кг: Тамерлан Тлеулес


– 63 кг: Самирхан Аббақіров


– 68 кг: Дамир Шуленов


– 74 кг: Бекасыл Ергеш


– 80 кг: Батырхан Төлеғали


– 87 кг: Нұрлан Мырзабаев


– +87 кг: Бейбарыс Қаблан

Әйелдер құрамасы:


– 46 кг: Айдана Құмартайева


– 49 кг: Нодира Ахмедова


– 53 кг: Әзиза Қаражанова


– 57 кг: Мария Севостьянова


– 62 кг: Айша Әділбекқызы


– 67 кг: Нұрай Хұсайынова


– 73 кг: Назым Махмұтова


– +73 кг: Евгения Қаймова

Айта кетейік, Усидегі әлем чемпионаты Париж-2024 Олимпиадасынан кейінгі ең маңызды халықаралық турнирлердің бірі болып саналады.