World Boxing конгресі Римде өтеді: басты назар – президент сайлауында

World Boxing конгресі Римде өтеді: басты назар – президент сайлауында
Басқа

World Boxing ұйымының күзгі конгресі, Үндістанда емес, Италияда өтетін болды, деп хабарлайды Bassport.kz Қазақстан ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұйымдастырушылардың шешімі бойынша, жиын 2025 жылдың 23 қарашасында Рим қаласында өтеді. Бұған дейін аталмыш шара Үндістанда ұйымдастырылады деп жоспарланған болатын. 

Маңызды жиында ұйымның жаңа президентін сайланып, Атқару комитетінің мүшелері бекітіледі, сондай-ақ олимпиадалық бокстың даму стратегиясы талқыланады. Сарапшылардың айтуынша, дәл осы конгресс халықаралық бокстың болашақтағы бағытын айқындайтын, осы мақсатта шешімдер қабылданатын алаң болмақ. 

Айта кетелік, Президенттікке үміткерлер қатарында Қазақстан ҰОК президенті және World Boxing Олимпиадалық комиссиясының төрағасы Геннадий Головкин де бар. Бұл жаңалық қазақстандық жанкүйерлерді қуантпай қоймады. Егер Головкин сайлауда жеңіске жетсе, ол әлемдік деңгейде еліміздің беделін арттыра алады.