Қазақстан мен Ресей спорт және туризмде ынтымақтастықты күшейтпек

Қазақстан мен Ресей спорт және туризмде ынтымақтастықты күшейтпек
Басқа

Қазақстанның Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Ресей Үкіметі төрағасының орынбасары Дмитрий Чернышенко және спорт министрі Михаил Дегтяревпен кездесіп, екі елдің спорт және туризм бағытындағы серіктестігін талқылады. 

Кездесуде тараптар өткен жылғы жұмысты қорытындылап, 2024–2026 жылдарға арналған бірлескен жоспардыіске асыруды жалғастыруға уағдаласты. 

Министр мәліметінше, былтыр Қазақстан мен Ресей арасында туризм саласындағы келісімге қол қойылып, нәтижесінде туристік ағын айтарлықтай артқан: 2024 жылы 3,2 миллионнан астам ресейлік Қазақстанға, дәл осыншама қазақстандық турист Ресейге барған. 

Спортта да қарым-қатынас қарқынды дамуда. Қазақ спортшылары Ресейде өткен БРИКС ойындары, VIII «Азия балалары» сынды халықаралық жарыстарға қатысып, тәжірибе жинады, ал ресейлік спортшылар былтыр Астанадағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында бақ сынады.

Тараптар алдағы уақытта ірі спорттық іс-шараларды бірлесіп өткізіп, қысқы спорт түрлерін дамытуға ерекше көңіл бөлуге келісті.