Сәкен Бибосынов өзбекстандық Хасанбой Дусматовпен қолғап түйістіруі бек мүмкін

Сәкен Бибосынов өзбекстандық Хасанбой Дусматовпен қолғап түйістіруі бек мүмкін
Бокс

Ашық дереккөзінен

Қазақстанның танымал былғары қолғап шебері, Олимпиада ойындарының жүлдегері Сәкен Бибосынов кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегін өткізбек.

Аталған кездесу 2025 жылдың 25-26 қазан күндері Қырғызстан астанасында “Bishkek Arena” спорт кешенінде өтетін халықаралық бокс кеші аясында ұйымдастырылады.

Сәкен бұған дейінгі кәсіпқой дебютін филиппиндік Кристиан Леганға қарсы өткізіп, жеңіске жеткен болатын. Бұл айқас оның техникалық шеберлігі мен тактикалық қабілетінің жоғары екенін дәлелдеді. Осыдан кейін спорттық қауымдастық өкілдері Бибосыновтың толықтай кәсіпқой боксқа бет бұруы мүмкін екенін болжаған. Алайда боксшының өзі әзірге бұл жөнінде ресми мәлімдеме жасамады.

Айта кетелік, аталған бокс кешінде өзбекстандық Олимпиада чемпионы, Азияның бірнеше дүркін жеңімпазы Хасанбой Дусматов та жұдырықтасады. Қос мықтының қарсыластары әзірге белгісіз. Десе де көпшілік екі фавориттің жекпе-жегін көруге үмітті.