Олимпиада жүлдегері Демеу Жадыраев әлем біріншілігін сәтсіз аяқтады

Олимпиада жүлдегері Демеу Жадыраев әлем біріншілігін сәтсіз аяқтады
Күрес

ҚР ҰОК

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев Загребте (Хорватия) өткен грек-рим күресінен 2025 жылғы әлем чемпионатында жүлдеге қол жеткізе алмады. 

Қазақстандық балуан жаһандық додадағы жарыс жолын сенімді бастады. Алғашқы айналымдарда қарсыластарына айқын басымдық танытып, финалдық кезеңге дейін ілгеріледі. Ширек финалда жапониялық Нао Кусакадан ұтылып, негізгі кезеңге өту мүмкіндігінен айырылғанымен, турнирдің қола медалі үшін күресуге мүмкіндік алған еді. 

Алайда шешуші белдесулерде отандасымыздың жолы болмады. Бұл кезеңде ол венгриялық спортшы Роберт Фричпен күш сынасып, 6:5 есеппен жеңілді. Осылайша қазақ балуаны 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, бесінші орынға тұрақтады. 

Айта кетелік, Демеу Жадыраев – Қазақстан күресі тарихындағы ең тәжірибелі балуандардың бірі. Ол 2024 жылғы Париж Олимпиадасында күміс жүлде жеңіп, одан бөлек бірнеше мәрте әлемдік додаларда төбе көрсеткен. Загребтегі нәтиже оның биылғы маусымдағы басты жарыстарының бірі еді.