Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингте топ жарды

Әбиба Әбужақынова әлемдік рейтингте топ жарды
Дзюдо

Olympic.kz

Қазақ дзюдосының жарқын жұлдызы Әбиба Әбужақынова Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) жаңартылған рейтингінде 48 келіге дейінгі салмақта бірінші орынға көтерілді. 

Бұған дейін ол екінші сатыда тұрған болатын. Қазіргі рейтинг бойынша екінші орында – ресейлік дзюдошы, ал үшінші сатыға – италиялық спортшы тұрақтады. 

Қазақ қызының бұл көрсеткіші Будапештте өткен соңғы әлем чемпионатындағы тарихи жетістіктің заңды жалғасы. Жақында өткен додада Әбиба Қазақстан әйелдер дзюдосы тарихында тұңғыш рет финалға шығып, күміс медаль жеңіп алды. Шешуші белдесуде ол италиялық тәжірибелі спортшы, әлем біріншілігінің бірнеше дүркін жүлдегері Ассунта Скуттоға есе жіберген еді. 

 Айта кетелік, осы салмақтағы тағы бір отандасымыз Ғалия Тынбаева да рейтингте бір саты жоғарылап, 24-орынға жайғасты.