Самородов Черчесовтың «Ахматтағы» жұмысына пікір білдірді

Футбол
Советский спорт
Қазақстан құрамасының шабуылшысы, грозныйлық «Ахмат» клубының ойыншысы Максим Самородов командаға жаңа бас бапкер болып келген Станислав Черчесовтің жұмысы туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz Championat.com-ға сілтеме жасап.
2025 жылдың тамызында тізгінді қолына алған тәжірибелі маман бұған дейін Ресей мен Қазақстан ұлттық құрамаларын жаттықтырған. Самородовтың сөзінше, Черчесов келген соң клуб ішіндегі ахуал бірден өзгерген.
«Жаңа бапкер келгеннен кейін командадағы көңіл-күй әлдеқайда жақсарды, жігіттер сергек, жігерлі бола түсті. Чемпионаттағы нәтижеміз де соның дәлелі. Черчесовтің жетекшілігінде әлі жеңілген жоқпыз. Бұл өзгерістер бапкердің жұмыс тәжірибесінен көп нәрсе білдіреді», – деді қазақстандық футболшы.
Черчесов басқарған бес кездесуде «Ахмат» екі рет жеңіс тойын тойлап, үш матчты тең аяқтады. Қазіргі таңда команда Ресей премьер-лигасының турнирлік кестесінде 10-орында тұр.