Виктория Графеева: Геннадий Головкиннің қолдауы маған ерекше күш берді

Виктория Графеева: Геннадий Головкиннің қолдауы маған ерекше күш берді
Бокс

2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, қазақстандық боксшы Виктория Графеева Ливерпульдегі турнир барысында әйгілі кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің қолдауын ерекше атап өтті. 

«Геннадий Головкин жекпе-жектерден кейін мені қолдап отырды, оның жанкүйерлігі үлкен рөл атқарды. Тіпті раундтар арасында оны көріп, қасымда отырғандай сезіндім. Барлық қиындықтан өткен адамның ақыл-кеңесін тыңдамау мүмкін емес. Бұл жай ғана сырттан келген адам емес, нағыз шебердің өзі. Оның әрбір сөзін ерекше бағалап, турнир бойы үлкен қуат алдым», – деді Виктория. 

Еске салайық, жартылай финалда Графеева бразилиялық Ребека Сантосқа жол беріп, турнирді қола жүлдемен аяқтаған болатын. Аталмыш додада Қазақстан жалпыкомандалық есепте көш бастап, көпшіліктің ықыласына бөленді.