Қазақ балуаны әлем чемпионатының алтыны үшін бозкілемге шығады

Olympic.kz
Бүгін грек-рим күресінен Загребте (Хорватия) өтіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатында қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали алтын жүлде үшін белдеседі.
60 келіге дейінгі салмақта өтетін шешуші айқаста Айдос өзбекстандық Алишер Ғаниевпен күш сынасады. Сұлтанғали финалға дейін тамаша нәтиже көрсетіп келді. Ол алдымен америкалық Максвелл Хоппер Блэкті, одан кейін израильдік Мелкаму Фетенені, Солтүстік Корея өкілі Се Ун Риді және грузин балуаны Амиран Шавадзені тізе бүктірді.
Отандасымыздың қарсыласы да осал емес. Өз кезегінде Алишер армян спортшысы Грачья Погосянды, әзірбайжандық Нихат Захид Маммадлидіжәне сербиялық Георгий Тибиловты жеңіп, финалға жолдама алды.
Айта кетейік, Сұлтанғалидың 60 келі салмақтағы ресми рейтингі жоқ, ал Ғаниев Халықаралық күрес федерациясының (UWW) тізімінде 10-орында тұр. Ал аталмыш бәсекеде алтыншы нөмірмен сынға түсуде.
Еске сала кетейік, жаһандық доданың алғашқы жарыс күндерінде Нұрқожа Қайпанов пен Асылжан Есенгелді қола медальды қанағат тұтқан еді. Айдос Сұлтанғалидың бүгінгі белдесуі ұлттық құрама үшін аса бағалы жүлде болмақ.