Тұрсынғали Еділов: Бокстан ұлттық құрама Олимпиадаға дайын

Тұрсынғали Еділов: Бокстан ұлттық құрама Олимпиадаға дайын
Бокс

KBF

ҚР еңбек сіңірген бокс бапкері, Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі Тұрсынғали Еділов Ливерпульде өткен 2025 жылғы әлем чемпионатындағы ерлер құрамасының нәтижесін бағалады. 

 — Біздің жас жігіттердің әлем чемпионы атануы өте қуанышты жағдай. Өйткені олардың алда әлі үлкен мүмкіндіктері бар. Олимпиада ойындарына баратын негізгі қаңқа, сүйек дайын деп айтуға болады. Енді сол құрамды ары қарай шыңдап, жоспар құрып, Олимпиадаға нық қадам жасауға мүмкіндік бар. Төрт алтын – өте жақсы нәтиже. Оның үстіне, бізде супертяж салмақта да чемпион бар, бұл да үлкен жетістік, — деді маман. 

Айта кетейік, Ливерпульдегі әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 7 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды. Ерлер арасында медаль саны бойынша бірінші орын алты алтынмен Өзбекстанға бұйырды. Ал қазақстандық былғары қолғап шеберлерінен Санжар Ташкенбай (50 кг), Махмуд Сабырхан (55 кг), Төрехан Сабырхан (70 кг) және Айбек Оралбай (+90 кг) алтыннан алқа тақты.