Дана Уайт UFC-дегі қатаң талаптарын жариялады

Дана Уайт UFC-дегі қатаң талаптарын жариялады
Жекпе-жек

Новости Спорта

UFC президенті Дана Уайт ұйымдағы жұмыс қағидаттары туралы айтып берді, деп хабарлайды Bassport.kz Sports.ru-ға сілтеме жасап.

— Бізде UFC-де таңғы тоғыздан кешкі беске дейінгі дәстүрлі жұмыс кестесі жоқ. Сағат 9:03-те жұмыста болмасаң, сөгіс алатын жүйе бізге тән емес. Мұнда бәрі ересек адамдар, олар өз міндетін біледі. Маған бәрібір, сен жұмысыңды таңғы тоғызда істейсің бе, әлде кешкі тоғызда істейсің бе — бастысы, оны орында, — деді Уайт.
— Егер балаңның спектаклі, мектептегі іс-шарасы, жаттығуы немесе ойыны болса — мен сенің сол жерде болғаныңды қалаймын. Бұл мен үшін маңызды. Біз бизнесті мүлде өзгеше жүргіземіз, — деп қосты ол.

Айта кетейік, Дана Уайт UFC-ге 2001 жылы келген. Ол кезде ұйым қаржылық қиындыққа тап болып, банкрот болудың аз-ақ алдында тұрған еді. Сол уақытта Фрэнк пен Лоренцо Фертитта бауырларымен бірге Уайт промоушнді екі миллион долларға сатып алып, Zuffa, LLC компаниясын құрды. Дәл осы кезеңнен бастап UFC қарқынды дами бастады.