Асхат Тағыберген Қазақстан құрамасының болашағы туралы пікір білдірді

Асхат Тағыберген Қазақстан құрамасының болашағы туралы пікір білдірді
Футбол

kff.kz

Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны, қостанайлық «Тобылдың» жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбековтың ойынына жоғары баға берді, деп хабарлайды Bassport.kz Sports24.kz-ке сілтеме жасап.

— Ол — біздің құрама командамыздың болашағы. Темірлан алаңда ерекше сабырлық танытып, қысымға шыдады және ұлттық құраманың бірінші нөмірлі қақпашысы бола алатынын дәлелдеді, — деді Тағыберген.

21 жастағы алматылық қақпашы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі тарихи кездесуде басты кейіпкер атанды. «Селтикпен» өткен матчтағы пенальти сериясында Анарбеков қатарынан үш соққыны қайтарып, «Қайраттың» 3:2 есебімен жеңіске жетуіне және алғаш рет Еуропаның басты клубтық турнирінің топтық кезеңіне шығуына себепкер болды.