Асу Алмабаевқа арналған шақыруға бапкердің жауабы белгілі болды

Жекпе-жек
NUR.KZ
Қазақстандық файтер Асу Алмабаевқа америкалық Алекс Перес жекпе-жекке шақыру тастаған еді. Бұл жағдайға файтердің бапкері Эдуард Базров пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz.
— Интернеттен оның шақыру жасағанын көрдім. Дүйсенбі күні Асумен кездесемін, содан кейін бәрін талқылаймыз. Шынымды айтсам, айырмашылығы жоқ. Перес болса, Перес, — деді Базров.
Еске салайық, 33 жастағы Перес UFC-де 2017 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Оның рекорды — 7 жеңіс, 5 жеңіліс. 2020 жылдың қарашасында ол жеңістер сериясымен чемпиондық белбеу үшін Дейвесон Фигередомен кездескен, алайда бірінші раундта «гильотина» әдісіне түсіп қалды. Кейінгі жекпе-жектерінде Алекс болашақ чемпион Алешандре Пантожа мен Мухаммад Мукаевқа есе жіберді.
Перестің басты кемшілігі – UFC-дегі 13 жекпе-жегі әртүрлі себептермен өтпей қалған, оның алтауында кінәлі өзі болған.