«Барселона» «Қайратты» Чемпиондар лигасы алдында ерекше атап өтті

Sportbox
Каталонияның «Барселонасы» 2025/26 маусымындағы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жеребе тарту қарсаңында әлеуметтік желілерде арнайы жазба жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz.
Ресми парақшада турнирдің басты кезеңіне қатысатын 36 клубтың эмблемалары бейнеленген сурет жарияланды. Оның ішінде алғаш рет бұл кезеңге шыққан алматылық «Кайраттың» таңбасы да бар.
«36 команда. Бір арман. Жеребеге бәрі дайын», – делінген «Барселонаның» жазбасында.
Еске сала кетейік, Қазақстан футболы тарихында тұңғыш рет «Кайрат» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алды. Бұл мәртебелі турнирде барлығы 36 команда бақ сынайды.
Алматылық клуб жеребе алдында 4-ші себетке орналастырылды. Жеребе тарту рәсімі бүгін, 28 тамыз күні өтеді. Қазақстан жанкүйерлері оны сағат 21:00-де Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.
Себеттердің құрамы:
1-себет: ПСЖ, «Реал», «Манчестер Сити», «Бавария», «Ливерпуль», «Интер», «Челси», «Боруссия» Дортмунд, «Барселона».
2-себет: «Арсенал», «Байер», «Атлетико», «Бенфика», «Аталанта», «Вильярреал», «Ювентус», «Айнтрахт» Франкфурт, «Брюгге».
3-себет: «Тоттенхэм», ПСВ, «Аякс», «Наполи», «Спортинг», «Олимпиакос», «Славия», «Буде-Глимт», «Олимпик» Марсель.
4-себет: «Копенгаген», «Монако», «Галатасарай», «Юнион», «Қарабах», «Атлетик», «Ньюкасл», «Пафос», «Қайрат».
Жеребенің негізгі қағидалары:
• Әр клуб өз себетінен тыс үш себеттен екі қарсылас алады (біреуі – үйде, біреуі – сырт алаңда).
• Бір елден екіден артық команда бір топта ойнай алмайды.
• Бір ассоциацияның клубтары бір-бірімен кездеспейді.
Айта кетейік, «Қайрат» плей-офф кезеңінде Шотландияның «Селтигін» 3:2 есебімен пенальти сериясында жеңіп, тарихи жетістікке жетті. Бұл ойында қақпашы Темірлан Анарбеков негізгі қаһарман атанып, жанкүйерлердің сүйіктісіне айналды.