Эрлинг Холанд енді толық тегімен ойнайды

Эрлинг Холанд енді толық тегімен ойнайды
Футбол

Ведомости

«Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холанд Норвегия құрамасында жаңа тегімен өнер көрсетеді, деп хабарлайды Bassport.kz Championat.com-ға сілтеме жасап.

Ұлттық құраманың ресми парақшасында жарияланған бейнежазбада 9-нөмірлі жейдеде футболшының есімі «Braut Haaland» деп көрсетілді.

«Жаңа бейне. Эрлинг енді ұлттық құрама матчтарында толық тегімен алаңға шығады», – делінген хабарламада.

25 жастағы ойыншы бұған дейін әкесінің тегімен ғана ойнап келген. Енді ол анасының тегі – бұрынғы жеңіл атлет Грю Марита Брауттың фамилиясын да қосып, екі ата-анасының тегін бірге қолдануды таңдады.

Алдағы уақытта жанкүйерлер норвегиялық жұлдызды ұлттық құрама сапында «Braut Haaland» деген жазуы бар жейдеде көретін болады.