Алматыда «Қайрат» – «Селтик» матчы үшін тегін автобустар ұйымдастырылады

Tengri Sport
26 тамыз күні сағат 21:45-те Алматының Орталық стадионында УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі жауапты матчта «Қайрат» (Алматы) – «Селтик» (Глазго) кездеседі, деп хабарлайды Bassport.kz.
Жанкүйерлердің қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін бірқатар кең көлемді шаралар қабылданды:
• 2000-нан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұлан жұмылдырылады;
• жоғары жылдамдықты интернет, резервтік электр қуаты, медициналық кезекшілік пен санитарлық инфрақұрылым қамтамасыз етіледі;
• экологиялық талаптар да ескерілген.
Сонымен қатар, жанкүйерлер үшін тегін автобустар ұйымдастырылады.
Бағыттар:
• Қалқаман ш.а (№7 қалалық аурухана аялдамасы) – Орталық стадион;
• Орбита ш.а (Мұстафин – Торайғыров қиылысы) – Орталық стадион;
• Айнабұлақ ш.а (Мақатаев – Павлодарская қиылысы) – Орталық стадион;
• «Халық Арена» аялдамасы (солтүстік бағыт) – Орталық стадион;
• Алматы-1 теміржол вокзалы – Орталық стадион;
• Алматы-2 теміржол вокзалы – Орталық стадион;
• Наурызбай аудандық ХҚКО – Орталық стадион;
• Момышұлы – Мөңке би қиылысы.
Автобустар 18:00-ден бастап қатынайды. Стадион есігі жанкүйерлер үшін 18:45-тен бастап ашылады.