Алматыға қанша «Селтик» жанкүйерлері келетіні белгілі болды

Алматыға қанша «Селтик» жанкүйерлері келетіні белгілі болды
Футбол

Спорт-Экспресс

Шотландиялық «Селтик» клубының шамамен 300 жанкүйері Алматыға арнайы ұшып келеді. Олар өз командасын Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі «Қайратқа» қарсы жауапты ойында қолдамақ, деп хабарлайды Bassport.kz BorodAbata.kz (AS News) басылымына сілтеме жасап.

Алғашқы кездесу Глазгода өтіп, 0:0 есебімен тең аяқталған болатын. Жауапты матч 26 тамыз күні Алматының Орталық стадионында өтеді. Ойын Қазақстан уақыты бойынша сағат 21:45-те басталады.

Айта кетейік, жауапты кездесуге билеттер сатылымға шыққан күні түгел сатылып кетті. Сол себепті Алматыдағы Орталық стадионда толығымен аншлаг күтілуде.