«Семей» клубы Суперкубок алдында жол апатына ұшырады

Футзал
МТСБУ
Футзалдан «Семей» клубының ойыншылары мен бапкерлер құрамы Қазақстан Суперкубогының финалы алдындағы ресми шараға бара жатқан жолда жол-көлік оқиғасына тап болды, деп хабарлайды Bassport.kz Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.
Команда мүшелерінің барлығы дін-аман, ешкім зардап шеккен жоқ. Дегенмен, осы жағдайға байланысты «Семей» клубының делегациясы матч алдындағы баспасөз конференциясына он минутқа кешігіп келді.
Еске сала кетейік, Қазақстан Суперкубогының финалы 23 тамыз күні Орал қаласында өтеді. Ойын астаналық уақытпен 17:00-де басталады. Финалда «Семей» алматылық «Қайратпен» кездеседі.