Бүгін "Қазақстан Барысы – 2025" турнирі өтеді

Бүгін
Күрес

Ашық дереккөзінен

Бүгін елордада қазақ күресінен ең айтулы жарыстарының бірі — республикалық "Қазақстан Барысы – 2025"турнирі өтеді.

Дәстүрлі дода 13:00-де ашылу салтанатымен басталып, 13:30-да алғашқы белдесулер өтеді. Жартылай финал мен финалдық кездесулер 19:00-ден кейін басталмақ. 

Биыл бозкілемге 43 балуан шығып, басты атақ — "Қазақстан Барысы" мәртебесі үшін бақ сынайды. Жарыс жеңімпазына ел мақтанышы саналатын "Алтын белбеу" мен алтын "Тайтұяқ", сондай-ақ 27 миллион теңге көлеміндегі жүлде қоры бұйырады.

Бәсекені жанкүйерлер Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.