Бүгін Қазақстан – Италия ЕУРО-2026 жолдамасын сарапқа салады

ҚФФ
Бүгін Астанада футзал жанкүйерлерін ерекше кеш күтіп тұр. Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама ұтып алуға мүмкіндік сыйлайтын плей-оффтың жауапты ойынында Италия құрамасын қабылдайды.
Алғашқы кездесу Италияда өтіп, онда біздің жігіттер 1:2 есебімен есе жіберген еді. Сондықтан бұл жолы Еуропа біріншілігіне шығу үшін Қазақстанға тек жеңіс қажет.
Сарапшылардың пікірінше, ұлттық құраманың өз алаңында ойнауы – команда үшін тиімді болмақ. Жанкүйерлердің ыстық ықыласы жігіттерге қосымша күш беріп, шешуші сәттерде серпін сыйлайтыны сөзсіз. Италия болса тәжірибесімен ерекшеленетін мықты қарсылас. Олар сырт алаңда қорғанысқа басымдық беріп, алғашқы матчтағы нәтижені сақтап қалуға тырысады.
Аяқ доп шеберлерінің айқасы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында, сағат 19:00-де өтеді.