Дастан Сәтпаев әлемнің үздік жас футболшылары тізіміне енді

Дастан Сәтпаев әлемнің үздік жас футболшылары тізіміне енді
Футбол

Kazinform

«Қайрат» футбол клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев әлемнің ең талантты жас ойыншылары қатарына кірді, деп хабарлайды Bassport.kz The Guardian басылымына сілтеме жасап. 

Британдық басылым жыл сайынғы дәстүр бойынша 2008 жылы туған үздік 60 жас футболшының тізімін жариялады. Сол тізімде 17 жастағы қазақстандық ойыншы Дастан Сәтпаев та бар. 

The Guardian сарапшылары Сәтпаевтың жылдамдығын, техникалық шеберлігін және ойын кезінде дұрыс шешім қабылдау қабілетін ерекше атап өткен. 

Басылым мәліметінше, жас шабуылшының 2026 жылы трансферлік құны айтарлықтай өсіп, ол ресми түрде ағылшынның «Челси» клубының ойыншысы атанбақ. 

Қазақ футболының үміті саналатын Сәтпаев осылайша «Баварияның» жас жұлдызы Карл, ПСЖ өкілі Мбайе, және «Барселона» ойыншысы Дро Фернандеспен қатар аталды.

Айта кетейік, Сәтпаев бұған дейін де халықаралық мамандардың назарына ілігіп, «Челси» клубымен келісімге келген алғашқы қазақстандық футболшы атанған болатын.