Ерасыл Қажыбаев: үйде менің белдесулерімді анам көріп отырады

Ерасыл Қажыбаев: үйде менің белдесулерімді анам көріп отырады
Күрес

Ұйымдастырушыл

2024 жылғы «Қазақстан Барысы» турнирінің жеңімпазы, екі мәрте күміс жүлдегер атанған Ерасыл Қажыбаев биыл да басты фавориттердің қатарында. Абай облысының атынан сынға түсетін палуан өз дайындығы мен мақсаттары туралы Bassport.kz журналисіне айтып берді.

– Ерасыл, дайындық қалай өтті?

— Дайындығым жақсы өтті. Биылғы жарысқа былтырғы «Қазақстан Барысы» атағын қорғау мақсатымен келіп отырмын. Бұйырса, «Тайтұяқ» пен алтын белбеуді Абай еліне апарып, өз жерлестерімді қуантқым келеді.  

– Егер жеңіске жетсеңіз, бұл жетістігіңізді кімге арнайсыз?

—Егер жеңіс бұйырса, оны Абай облысына, үйде менің белдесулерімді көріп отыратын анама және отбасым мен жанкүйерлеріме арнаймын.

–Биылғы қарсыластарыңыз туралы не айтар едіңіз?

–Қарсыластардың барлығы мықты, әсіресе биыл жастар көп. Әркім өз өңірінің намысын қорғауға бар күшін салып келді. Жеңіс оңайлықпен келмейді, ол – еңбектенген адамның қолында

Айта кетейік, ертең, 18 қазан күні сағат 12:00-де, Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында аталған іс-шараның финалдық кездесулері өткізіледі.