Бейжіңде роботтар арасындағы дүниежүзілік ойындар өтті

Бейжіңде роботтар арасындағы дүниежүзілік ойындар өтті
Басқа

РБК

Бейжің қаласында тарихта тұңғыш рет Гуманоидтық роботтардың дүниежүзілік ойындары ұйымдастырылды. Байрақты жарысқа АҚШ, Германия, Бразилия сынды алпауыт мемлекеттерден бастап, барлығы 16 елдің 280 командасы қатысып, 500-ге жуық робот өз шеберлігін көрсетті.

Жарыс бағдарламасы көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Роботтар марафон жүгіріп, би билеп, рингте күш сынасып қана қоймай, футбол алаңына да шықты. Дегенмен, техникалық ақауларға байланысты жиі құлап, сүрініп немесе күлкілі жағдайларға тап болды. Мәселен, бір робот адамды қағып кетсе, екіншісі сөздің тура мағынасында «басын жоғалтты».

Ұйымдастырушылардың айтуынша, роботтардың қимылын барынша шынайы ету үшін жасанды интеллект кеңінен қолданылды. Кибермашиналар футболда Криштиану Роналдудың ойын әрекеттерін модельдеу арқылы гол соғуды үйренсе, нейрожелілер олардың жүгіру мен заттарды ұстау қабілетін жетілдіруге мүмкіндік берді.

Бұл жарыс болашақ спорттағы жаңа дәуірдің бастамасы ретінде бағаланып отыр.