УЕФА «Барселонаға» Чемпиондар лигасының ережесін айналып өтуге рұқсат берді

УЕФА «Барселонаға» Чемпиондар лигасының ережесін айналып өтуге рұқсат берді
Футбол

Vesti.kz

Еуропа футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) каталондық «Барселонаға» Чемпиондар лигасының жаңа маусымындағы алғашқы ойынды сырт алаңда өткізуге рұқсат берді, деп хабарлайды Bassport.kz AS.com сайтына сілтеме жасап.

Дереккөз мәліметінше, УЕФА испандық клубтың топтық кезеңді сырт алаңдағы матчтан бастау жөніндегі өтінішін қанағаттандырды. Чемпиондар лигасының 1-тур ойындары 16–18 қыркүйек аралығында өтеді.

Осы шешімнің арқасында «Барселона» қыркүйек айының соңына дейін өз алаңында ойнамайды. Бұл уақыт ішінде клуб өзінің басты стадионы «Камп Ноуда» жүріп жатқан қайта жаңарту жұмыстарын аяқтап, аренаны матчтарға дайындай алады. Бұған дейін УЕФА өкілдері нысандағы құрылыс барысын тексерген болатын.

Айта кетейік, регламентке сәйкес командалар топтық кезеңдегі барлық үй кездесуін бір стадионда өткізуі тиіс. Егер «Камп Ноу» уақытында дайын болмаса, «Барселона» барлық төрт матчты «Олимпик Льюис Компанис» аренасында қабылдауға мәжбүр болады. Клуб УЕФА-ға ойын өтетін стадионды 28 тамызға дейін хабарлауы қажет.