«Астана» – «Қайсар» арасындағы кездесу уақыты белгілі болды

Футбол
KazFootball.kz
Қазақстан Премьер-лигасының 19-турындағы жоспарланған «Астана» мен «Қайсар» арасындағы кездесу кейінге шегерілді. Алғашқыда ойын 2025 жылдың 3 тамызында өтуі тиіс болған. Бірақ клубтардың өзара келісімі бойынша матч 28 тамызға ауыстырылды, деп хабарлайды Bassport.kz KazFootball.kz-ке сілтеме жасап.
Кездесу елордадағы «Астана Арена» стадионында сағат 20:00-де басталады.
Еске салайық, маусымдағы алғашқы ойында қос команда 1:1 есебімен тең түскен еді.