Ислам Сәтпаев Шымкентте Азия чемпионы атанды

Ислам Сәтпаев Шымкентте Азия чемпионы атанды
Басқа

СДДБҚ

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ислам Сәтпаев нысана көздеуден кезекті жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Bassport.kz.

Шымкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында ол пневматикалық винтовкамен 10 метр қашықтыққа атудан финалда 250.1 ұпай жинап, қарсыластарын артта қалдырды.

Финал нәтижесі:

1. Ислам Сәтпаев (Қазақстан) — 250.1 ұпай

2. Лу Дингке (Қытай) — 249.8 ұпай

3. Пак Хаджун (Оңтүстік Корея) — 228.7 ұпай

Айта кетейік, Ислам Сәтпаев бұған дейін 2021 жылы да дәл осы Шымкентте өткен Азия чемпионатында жеңімпаз болған еді. Осылайша ол екі дүркін Азия чемпионы атанды.