«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы табысы белгілі болды

«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы табысы белгілі болды
Футбол

Liter.kz

Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде қомақты сыйақыға ие болды, деп хабарлайды Bassport.kz KazFootball.kz-ке сілтеме жасап.

Команда плей-офф кезеңіне шыққаны үшін 4,29 миллион еуро (шамамен 2,69 млрд теңге) көлемінде қаржы алды. Бұл сома алдыңғы кезеңдердегі қатысу ақысы мен шешуші раундқа жолдама үшін берілген бонустардан құралған. Бұған дейін үшінші іріктеу раундын еңсергені үшін «Қайрат» қосымша 525 мың еуро (шамамен 330 млн теңге) алған болатын.

Осылайша, алматылық клубтың қазіргі табысы 4,8 миллион еуродан асып отыр.

Егер «Қайрат» плей-офф кезеңінде жеңіске жетсе, клуб УЕФА-дан 18,62 миллион еуро (шамамен 11,7 млрд теңге) көлемінде кепілдендірілген төлем алады.

Сонымен қатар, топтық кезеңде әрбір нәтиже үшін қосымша сыйақылар қарастырылған:

• әр жеңіс – 2,1 миллион еуро

• әр тең ойын – 700 мың еуро

Бұған қоса, тарихи коэффициент үшін 1–2 миллион еуро және телетүсірілім құқығынан шамамен 1 миллион еуро қосымша табыс түсуі мүмкін.

Осылайша, «Қайрат» топтық кезеңге шыққан жағдайда жалпы кірісі 19–20 миллион еуроға (шамамен 12,5 млрд теңге) дейін жетуі ықтимал.