16 жастағы футболшы Джуд Беллингемнің рекордын жаңартты

Футзал
Sports24.kz
«Лестер» шабуылшысы Джереми Монга Чемпионшип тарихындағы ең жас гол соққан ойыншы атанды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Ол «Престонға» қарсы матчта 16 жас 37 күнінде көзге түсіп, «Реал» жартылай қорғаушысы Джуд Беллингемнің рекордын жаңартты. Беллингем өз жетістігін 16 жас 63 күнінде «Бирмингем Сити» сапында орнатқан болатын.
Дегенмен, Монганың голы «Лестерге» жеңіс әкелмеді. Кездесуде «Престон» 2:1 есебімен басым түсті. Алдымен 7-минутта Алфи Девайн есеп ашса, 67-минутта Монга таразы басын теңестірді. Алайда, 85-минутта Милутин Осмаич жеңіс голын соғып, «Престонға» үш ұпай сыйлады.