Елена Рыбакина ірі турнир қарсаңында үздік ондыққа қайта оралды

Елена Рыбакина ірі турнир қарсаңында үздік ондыққа қайта оралды
Теннис

Vesti.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA 1000 санатындағы Монреаль (Канада) турниріндегі сәтті өнерінен кейін әлемдік рейтингтің үздік ондығына қайта кірді, деп хабарлайды Bassport.kz.

Жаңартылған Live-рейтингте ол екі сатыға көтеріліп, 12-орыннан 10-орынға шықты. Монреальдағы додада Рыбакина жартылай финалға дейін жетіп, ақтық сынға жолдама алған канадалық Виктория Мбокоға жол берді.

Келесі бәсекесі – АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтетін WTA 1000 турнирі. Елена жарысты екінші айналымнан бастайды. 9 тамызда ол мексикалық Рената Сарасуаға (№68) қарсы шығады. Сарасуа алғашқы кезеңде қазақстандық Юлия Путинцеваны (№46) ұтқан болатын.

Цинциннати турнирінің жүлде қоры – 5,15 млн доллар.