Михаил Кравец: «Барыс» құрамында тек бәсекеге төтеп беретін ойыншылар қалады

Хоккей
РБК
«Барыс» хоккей клубының бас бапкері Михаил Кравец команданың жаңа маусымға қалай жасақталатынын айтты, деп хабарлайды Bassport.kz Championat.com-ға сілтеме жасап.
Кравецтің сөзінше, оған алғашқы ұсынысты Қазақстан құрамасының бас менеджері Олег Болякин жасаған. Кейін клубтың бас директоры хабарласып, сұхбатқа шақырған. Әңгімелесу барысында бапкер өзінің жоспарын баяндап, клуб басшылығы да командаға қатысты көзқарасымен бөліскен. Нәтижесінде Кравец бас бапкер болып тағайындалып, Қазақстанға келген.
— Ең басты міндет – команданы жинақтау. Өткен маусымда «Барыс» сапында болған ойыншыларды қарап, негізгі құрамды сақтап қалу. Құрамда кездейсоқ ойыншылар болмайды, тек бәсекеге төтеп бере алатындар қалады. Жақын уақытта құрамды шетелдік хоккейшілермен де күшейтеміз деп үміттенемін, — деді Кравец.