Хабиб пен Макгрегор реваншы неліктен өтпеді?

Жекпе-жек
Чемпионат
UFC-дің бұрынғы файтері Чейл Соннен Хабиб Нурмагомедов пен Конор Макгрегор арасындағы көптен күткен реванштың неге ұйымдастырылмағанын түсіндірді, деп хабарлайды Bassport.kz Sport24.ru сайтына сілтеме жасап.
2018 жылдың қазанында Хабиб ирландиялық қарсыласын 4-раундта “сабмишен” әдісімен жеңіп, жеңіл салмақтағы белбеуін алғаш рет қорғаған еді. Сонненнің пікірінше, UFC екінші кездесуді жартылай орта салмақта өткізуі керек болған.
«Реванштың өтпеген басты себебі – дұрыс салмақты таңдай алмау. Егер олар жекпе-жекті 155 фунт емес, 170 фунтта өткізсе, бұл шайқас жүзеге асар еді. Дәл осындай жағдай Ислам Махачевпен де болып отыр. Сіз Исламның мансабын Хабибтікі сияқты қысқарта аласыз немесе оны 170 фунтқа өткізе аласыз. Бірақ бір салмаққа қайта-қайта түсу – спорттағы ең ауыр сынақ», – деді Соннен WiseNuts подкастында.