Астанада теннистен ел чемпионаты аяқталды

Астанада теннистен ел чемпионаты аяқталды
Теннис

ҰОК

Елордада өткен теннистен Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды Bassport.kz.

Турнир аясында елдің үздік ойыншылары кортқа шығып, жекелей сында жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

Ерлер арасындағы финал Қарағанды теннисшісі Әмір Омарханов пен Теміртау спорт мектебінің өкілі Григорий Ломакин арасында өтті. Бірінші сетте Әмір қарсыласын 6:1 есебімен айқын басымдықпен жеңді. Ал екінші сетте Ломакин жарақатына байланысты ойынды жалғастыра алмады. Осылайша, Омарханов ел чемпионы атанды. Қола жүлде Ислам Орынбасарға бұйырды.

Әйелдер арасындағы финалда Жібек Құламбаева мен Аружан Сағандықова кортқа шықты. Екі сет те тартысты өткенімен, Құламбаева 6:4, 7:6 есебімен жеңіске жетіп, алтын медальді иеленді. Үшінші орынды Іңкәр Дүйсебай қанжығасына байлады.