Елена Рыбакина Монреаль турнирінің жартылай финалына шығып, 206 мың доллар табыс тапты

Теннис
Tengri Sport
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 12-орын) Канададағы Монреаль қаласында өтіп жатқан беделді турнирдің жартылай финалына шығып, 206 100 АҚШ долларын иеленді, деп хабарлайды Bassport.kz.
Сонымен қатар, ол 390 рейтингтік ұпайға ие болды. Турнир барысында Рыбакина бірқатар мықты қарсыластарды жеңді: америкалық Хейли Баптистті (50-орын), румын Жаклин Кристианды (52-орын), сондай-ақ украиналық Даяна Ястремскаяны (35-орын) және Марта Костюкты (28-орын) жарыс жолынан шығарды.
Айта кетейік, Монреаль турнирінің жалпы жүлде қоры – 5 152 199 доллар. Жарыс жеңімпазы 752 275 доллар мен 1000 рейтингтік ұпайға ие болады.